ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

 

Қалалық емхана №3 психологы Шарипова А.Т., профилактика бөлімінің дәрігері Қуандық С.Т. және медбике Аубакирова С.Х. халықаралық «16 күн зорлық-зомбылықсыз» акциясы аясында №22 мектеп-гимназиясында іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
Қоғам назарын зорлық-зомбылық мәселесіне аудару, азаматтарды зорлық-зомбылық түрлері және одан қорғану тетіктері туралы ақпараттандыру.
Өткізілген іс-шаралар:
Акция барысында қатысушыларға цифрлық зорлық-зомбылықтың мәні, одан қорғану жолдары және қолжетімді көмек түрлері түсіндірілді.
Қолдаудың белгісі ретінде қатысушыларға қызғылт сары ленталар таратылды.Оқушылар белсенділік танытып, талқылауларға қатысып, өз сұрақтарын қойды.Қызғылт сары ленталарды тарату бастамасы оң қабылданды. Көптеген қатысушылар ленталарды киімдеріне тағып, акцияны қолдайтындарын көрсетті.