ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

 

«16 күн зорлық-зомбылықсыз» акциясы аясында Алматы халықаралық мектебі  (МША) базасында №3 қалалық емхананың психологтары мен профилактика бөлімінің дәрігерлерінің қатысуымен ата-аналарға арналған кездесу өтті. Кездесу барысында мамандар балалардың қауіпсіздігі, зорлық-зомбылықтың алдын алу, ата-ананың рөлі және отбасы ішіндегі өзара қарым-қатынас мәдениеті жөнінде маңызды ақпарат берді.