ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

 

Бүгін ҚР Президенті Мемлекет басшысының физикалық зорлық-зомбылық жасағаны және медицина қызметкерлеріне қатыгездік көрсеткені үшін жазаны қатаңдату жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленген Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне түзетулер енгізу туралы Заңға қол қойды.

Заң Қылмыстық кодекске медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадаларының жүргізушілерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қол сұғушылық үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін жаңа бапты енгізуді көздейді.

WhatsApp Image 2026 01 05 at 12.25.10 05116