Экспресс психотерапиялық әдістер – эмоционалдық саулыққа бір қадам ✨????
3 қалалық емхананың психолог маманы Шарипова Алия Тилеубаевна 224 мектептің оқушылармен экспресс психотерапиялық әдістер тақырыбында пайдалы әрі мазмұнды мастер-класс өткізді.
Мастер-класс барысында:
???? эмоциялық күйді қысқа уақытта реттеуге арналған әдістер
???? өзін-өзі тану мен мазасыздықты азайту жолдары
???? нейрожаттығулар арқылы есте сақтау, зейін шоғырландыру және сыни ойлауды дамыту
???? стрессті денеден шығару және өзін-өзі эмоциялық реттеу жаттығулары жүргізілді.
Оқушылар сергіп, позитивті эмоция алып қана қоймай, күнделікті өмірде қолдануға болатын құнды психологиялық тәжірибе жинақтады ????
???? Психологиялық саулық – табысты болашақтың негізі!
Осындай пайдалы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.
