Егер балаңызға сколиоз диагнозы қойылса, үрейге бой алдырмаңыз — бұл жағдайды уақытында және дұрыс еммен бақылауға болады. Ең маңыздысы — емді дер кезінде бастау.
Біз №3 қалалық емханада сколиозды кешенді түрде емдеуді ұсынамыз. Бағдарламаға емдік дене шынықтыру, кәсіби массаж және заманауи физиотерапия әдістері кіреді.
Мұндай кешенді ем арқаның қисаюын тоқтатуға, арқа бұлшықеттерін нығайтуға және омыртқа жағдайын түзетуге бағытталған. Барлық процедуралар жоғары жабдықталған аппараттармен, мамандар бақылауымен жүргізіледі.
Соның ішінде:
Электрофорез аппараты — дәрілік заттарды электр тогының көмегімен терең тіндерге жеткізетін тиімді физиотерапиялық әдіс. Бұл қабынуды азайтуға, ауырсынуды жеңілдетуге және қалпына келу процесін жылдамдатуға көмектеседі.
Магнитотерапия — №3 қалалық емхана базасында қолданылатын заманауи жабдық. Ол қан айналымын жақсартып, бұлшықеттерді босаңсытуға және омыртқа айналасындағы тіндердің қалпына келуіне оң әсер береді.
МӘМС аясында бұл емдер тегін және қолжетімді.
Бала денсаулығы — ең басты құндылық. Уақытында басталған ем жақсы нәтижеге жеткізеді.