Көптеген хирургиялық процедураларды бүгінде ауруханаға жатпай-ақ алуға болатынын білесіз бе?
№3 қалалық емхананың Амбулаториялық хирургия орталығында жергілікті жансыздандыру арқылы және оңалту мерзімі қысқа болатын шағын хирургиялық араласулар жүргізіледі.
- Липома, атерома және басқа да қатерсіз түзілістерді алып тастау
- Өскен тырнақты емдеу
- Іріңді түзілістерді ашу және дренаждау
- Жараларды хирургиялық өңдеу
- Тігіс салу және алу
- Медициналық көрсетілімдер бойынша басқа да шағын хирургиялық операциялар
Сақтандырылған пациенттер бұл медициналық қызметтерді МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесі аясында, дәрігердің жолдамасы және медициналық көрсетілімдер болған жағдайда ала алады.
Көптеген процедуралардан кейін пациент сол күні-ақ үйіне оралып, дәрігердің ұсынымдарын сақтай отырып, күнделікті өмірін жалғастыра алады.
Заманауи технологиялар, білікті мамандар және қолайлы жағдайлар хирургиялық көмекті жылдам, қауіпсіз әрі ұзақ госпитализациясыз алуға мүмкіндік береді.
№3 қалалық емхана – сапалы медициналық көмек сізге жақын!