Вакцинация – балалар мен ересектердің денсаулығын қауіпті жұқпалы аурулардан қорғаудың ең тиімді жолы.

МӘМС жүйесі аясында профилактикалық екпелер тіркелген емханаңызда тегін жүргізіледі.
Уақтылы вакцина алу иммунитетті қалыптастыруға, аурудың ауыр өтуі мен асқынулардың алдын алуға, сондай-ақ инфекциялардың таралуын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл – өз денсаулығыңызды ғана емес, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдарды да қорғаудың маңызды қадамы.
Отбасыңыздың денсаулығына бүгіннен бастап қамқорлық жасаңыз: емханаңыздағы екпе күнтізбесін нақтылап, вакцинациядан уақытылы өтіңіз.
МӘМС – денсаулығыңыз бен әл-ауқатыңыз үшін қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек.