Емханаға тіркелуді онлайн түрде тез әрі ыңғайлы рәсімдеуге болады:
eGov.kz порталына немесе eGov Mobile қосымшасына кіріңіз.
«Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдаңыз.
Қажетті емхананы таңдаңыз.
Өтінімге қол қойыңыз.
Нәтиже Жеке кабинетіңізде қолжетімді болады.
Өтінім 1 жұмыс күні ішінде қаралады.
Денсаулығыңызға қамқорлық жасаңыз және мемлекеттік қызметтерді онлайн пайдаланыңыз!