3-қалалық емханаға тіркелген пациент МӘМС жүйесі аясында тегін дәрі-дәрмектерін алып, көрсетілген медициналық көмек үшін алғысын білдірді. Пациент емхана қызметкерлерінің кәсібилігі мен қамқорлығын ерекше атап өтіп, жылы лебізін жеткізді. Осындай сенім мен ризашылық сөздері біздің ұжым үшін үлкен қолдау болып табылады.