№3 қалалық емханада МӘМС жүйесі арқылы стоматологиялық ем алған пациенттер өз ризашылықтарын білдірді. Ем қабылдаған тұрғындар көрсетілген қызметтің сапасына көңілдері толғанын айтып, МӘМС жүйесінің тиімділігін ерекше атап өтті.
 
Айта кетейік, МӘМС шеңберінде шұғыл жағдайларда стоматологиялық қызметтерді келесі азаматтар тегін ала алады:
 
15–18 жас аралығындағы балалар;
Жүкті әйелдер;
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
I, II, III топтағы мүгедектігі бар адамдар;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері көпбалалы аналар;
Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар;
Жасына байланысты зейнеткерлер;
 Мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар;
Бала кезінен I топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар;
Жұқпалы және әлеуметтік мәні бар аурулары бар пациенттер.
 
 МӘМС – әр азаматтың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуына мүмкіндік беретін жүйе. Денсаулығыңызға бейжай қарамай, өз құқығыңызды пайдаланыңыз!