Жүктілікке дейінгі дайындық аясында №3 қалалық емханада бақылаудан өтіп жүрген пациент МӘМС жүйесі арқылы барлық қажетті медициналық қызметтердің тегін көрсетілетініне ризашылығын білдірді.
Қазіргі таңда пациент дәрігер-гинекологтың тұрақты бақылауында. Әр қабылдау барысында қан қысымы тексеріліп, қажетті зертханалық және диагностикалық тексерулерге жолдамалар уақытылы беріліп, денсаулығына ерекше көңіл бөлінуде.
Пациент дәрігер-гинекологтың кәсібилігіне, жауапкершілігіне және жылы қарым-қатынасына жоғары бағасын беріп, №3 қалалық емхананың ұжымына шынайы алғысын жеткізді.