СОӨА (созылмалы обструктивті өкпе ауруы, ХОБЛ) — тыныс алу жүйесінің үдемелі ауруы, бұл кезде өкпедегі ауа ағынының өтуі қабыну үдерістеріне байланысты шектеледі.

СОӨА дамуының негізгі себептері — темекі шегу, сондай-ақ зиянды және улы заттардың ұзақ уақыт бойы әсер етуі.
Аурудың негізгі белгілері:
ентігу;
созылмалы жөтел;
қақырықтың бөлінуі.
СОӨА-ны анықтауда негізгі диагностикалық әдіс — спирометрия (спирография). Бұл сыртқы тыныс алу қызметін бағалауда қолданылатын «алтын стандарт» әдіс. Зерттеу барысында дем шығару көлемі мен жылдамдығы өлшеніп, өкпенің функционалдық жағдайы анықталады.

СОӨА емдеу бағыттарына:
дәрі-дәрмектік терапия;
өкпелік реабилитация;
дәрігердің тұрақты бақылауы және мамандардың ұсынымдарын орындау жатады.
Қазіргі таңда СОӨА (ХОБЛ) бойынша медициналық көмек №3 қалалық емхана базасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі арқылы көрсетіледі. МӘМС аясында пациенттер қажетті тексерулерден өтіп, дәрігерлердің консультациясын алып, тиісті емді тегін ала алады.

Денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, тыныс алу жүйесінде өзгерістер байқалған жағдайда медициналық ұйымға уақытылы жүгініңіз.