Жыл сайын 1–7 тамыз аралығында Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығы атап өтіледі.
Осы апталық аясында №3 қалалық емханада Ерте араласу және даму орталығының жетекшісі Манкеева Г.Я. педиатрия бөлімінің дәрігерлері мен орта буын медицина қызметкерлеріне арналған «Ана сүтімен қоректендіруді қолдау және насихаттау» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Шеберлік сабағы барысында ана сүтімен қоректендірудің ана мен бала денсаулығы үшін маңызы, нәрестені ана сүтімен дұрыс қоректендіру мақсатында кеудеге дұрыс салу техникасы, сондай-ақ бала емізетін аналарды қолдаудың тиімді жолдары кеңінен талқыланды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, өзекті сұрақтарға жауап алып, ана сүтімен қоректендіру мәселелері бойынша кәсіби білімдерін толықтырды.