2026 жылғы 12 тамызда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№3 Қалалық емхана» КМК базасында «QAZAQ med travel» жобалық кеңсесінің ресми ашылу салтанаты өтті.

Жобалық кеңсенің ашылуы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пашимов Марат Орумбасарұлының бастамасымен және қолдауымен жүзеге асырылды.
Іс-шараға Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен туристік агенттіктердің өкілдері қатысты.
№3 Қалалық емхананың директоры Молдагасимова Айзат Балтагуловна қонақтарды емхананың қызметімен және жобалық кеңсе жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Іс-шара аясында Үндістан, Қытай және көршілес елдермен халықаралық байланыстарды дамытатын туристік операторлармен және компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Негізгі мақсат — шетелдік пациенттерді Қазақстанға сапалы медициналық қызметтер алу үшін тарту. Оның ішінде диагностика, емдеу, оңалту және профилактикалық тексерулер қамтылады.

«QAZAQ med travel» жобалық кеңсесінің ашылуы — Алматыдағы халықаралық ынтымақтастық пен медициналық туризмді дамыту жолындағы маңызды қадам.