Оқушылардың жол қауіпсіздігі туралы білімін арттыру мақсатында №94 мектеп-гимназиясының 1–2 сыныптары, №22 мектеп-гимназиясының 2–3 сыныптары және №128 мектеп оқушылары арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға №3 қалалық емханасының профилактика бөлімінің медбикесі Аубакирова С.Х. және полиция инспекторы, капитан Мұхтар Хан О, Мейіржан К қатысты. Кездесу барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту, бағдаршам талаптарын орындау және көшеде қауіпсіз жүріп-тұру туралы маңызды ақпараттар берілді.

Қауіпсіз жол — қауіпсіз балалық шақ!