Қала күні қарсаңында №3 қалалық емхананың профилактика бөлімінің дәрігері Қуандық С.Т. және медбике Аубакирова С.Х. №22 және №94 мектеп оқушылары арасында шығармашылық сурет салу іс-шарасын өткізді. Оқушылар өз қиялдарындағы әсем Алматыны бейнелеп, туған қаласына деген сүйіспеншіліктерін шығармашылық арқылы жеткізді.