ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №94 мектеп-гимназиясында №3 қалалық емхананың профилактика бөлімінің дәрігері Қуандық С.Т., медбикесі Аубакирова С.Х., психологы Шарипова А.Т., қатысуымен ұрпақтар сабақтастығын дәріптеген ерекше мерекелік іс-шара өтті.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Даналық мектебі» жоспары аясында ұйымдастырылған мерекелік концертке мектеп оқушылары мен ұстаздар, сондай-ақ Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының ақ жаулықты аналары қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін дәріптеу, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту және қарт адамдарға деген құрметті арттыру.