ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАРДЫҢ ГИГИЕНАСЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ
№3 қалалық емхананың профилактика бөлімінің дәрігері Қуандық С.Т., медбикесі Аубакирова С.Х. және психологы Шарипова А.Т. №22 мектеп-гимназиясында жасөспірім қыздарға арналған «Жеке гигиена, тазалық және психологиялық сауаттылық» тақырыбында ақпараттық-психологиялық кездесу өткізді.
Кездесу барысында жасөспірімдік кезеңдегі ағзадағы өзгерістер, жеке гигиенаны сақтау, тазалыққа көңіл бөлу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және өзін-өзі құрметтеу мәселелері бойынша маңызды ақпарат берілді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірім қыздардың денсаулығын сақтауға, жеке гигиена дағдыларын қалыптастыруға және психологиялық сауаттылығын арттыруға ықпал ету.