15 қазан • Дүниежүзілік сүт безі обырына қарсы күрес күні

Сүт безі обыры - әйелдер арасында ең жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі. Ауру ерте кезеңдерде айқын белгілерсіз өтуі мүмкін, сондықтан жүйелі түрде тексеруден өту өте маңызды.

Нені білу маңызды?

Қазақстанда 40 жастан 76 жасқа дейінгі әйелдер тіркелген емханасында екі жылда бір рет маммографиялық скринингтен тегін өте алады.

40–76жас
маммографиялық скрининг
екі жылда бір рет

Маммография сүт безіндегі өзгерістерді қандай да бір шағымдар пайда болғанға дейін анықтауға мүмкіндік береді. Ауруды ерте анықтау емнің нәтижелі болу мүмкіндігін арттырады.

 

Ешқандай шағымыңыз болмаса да, тексерілуді кейінге қалдырмаңыз. Уақтылы диагностика - денсаулыққа қамқорлық жасаудың маңызды бөлігі.

Ерте анықтауМаммографияАлдын алу