№3 қалалық емханада qMed AI жобасының өкілдері ұйымдастырған байқаудың қорытындысы бойынша емхана пациентіне алғыс хат пен сыйлық табысталды.
Байқау барысында пациент берілген тапсырмаларды жүйелі түрде орындап, денсаулық көрсеткіштерін тұрақты бақылап, бағдарламаға белсенді қатысты. Өзінің белсенділігі мен жауапкершілігінің арқасында байқау жеңімпазы атанды.
qMed AI жобасының негізгі мақсаты
Пациенттерді өз денсаулығын тұрақты бақылауға ынталандыру, өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру және аурулардың асқыну қаупінің алдын алуға бағытталған пайдалы әдеттерді дамыту.
Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау — салауатты өмір салтының маңызды қадамы!