№3 қалалық емхана базасында «QAZAQ med travel» жобалық кеңсесі медициналық туризмді дамыту, шетелдік пациенттерді тарту және медициналық қызметтерді халықаралық деңгейде ілгерілету бағытында жұмыс жүргізуде.
Халықаралық кездесу
Бүгін емханаға медициналық туризм саласына қызығушылық танытқан Қырғыз Республикасынан туристік агенттік өкілі келді.
Кездесу барысында қонаққа №3 қалалық емхананың қызметі, медициналық қызметтердің негізгі бағыттары, заманауи мүмкіндіктері және шетелдік пациенттерге ұсынылатын қызметтер туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ медициналық туризмді дамыту және екіжақты ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері талқыланды.
Мұндай кездесулер халықаралық серіктестікті нығайтуға, медициналық қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге және Қазақстанның медициналық туризм саласындағы әлеуетін арттыруға ықпал етеді.