Психикалық саулық • физикалық белсенділік • алдын алу

Қазан айына жоспарланған іс-шаралар аясында №3 қалалық емхананың профилактика бөлімінің психологтары Алимбаев А., Нұрмағанбетова Б. және Садыкова М. емхана қызметкерлері арасында «Психикалық саулық пен физикалық белсенділік – ұзақ өмір кепілі» тақырыбында психотренинг өткізді.

Психотренингтің мақсаты

Медицина қызметкерлерінің психоэмоционалдық жағдайын қолдау, күйзелісті басқару дағдыларын дамыту және күнделікті өмірде физикалық белсенділіктің маңыздылығы туралы түсініктерін арттыру.

Психоэмоционалдық қолдау
Күйзелісті басқару
Физикалық белсенділік

Психикалық саулық пен физикалық белсенділік – өмір сапасын жақсартудың, еңбекке қабілеттілікті сақтаудың және белсенді ұзақ өмір сүрудің маңызды құрамдас бөліктері.

Психотренинг туралы видеоматериал