Республика күні · Патриоттық тәрбие

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің №1 жалпы дәрігерлік практика кафедрасының оқытушысы Исаева Қ.Қ. ЖМ22-026 тобының дәрігер-интерндерімен бірге Республика күніне арналған мерекелік іс-шараларға белсене қатысты.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің маңызын насихаттау.

Республика күні құтты болсын!

Мерекелік іс-шаралар болашақ дәрігерлерді Отанға деген құрмет пен ортақ құндылықтар төңірегінде біріктірді.
Бейнематериал