2026 жылғы 2 қараша · Халықаралық ынтымақтастық

2026 жылғы 2 қарашада Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының №3 қалалық емханасында Ауғанстан Ислам Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің ресми делегациясымен жұмыс кездесуі өтті.

Делегация құрамында Ауғанстан Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, департамент басшылары және басқа да ресми өкілдер болды.

Сапардың негізгі мақсаты – Қазақстандағы медициналық көмекті ұйымдастыру тәжірибесімен танысу, №3 қалалық емхананың мүмкіндіктерін зерделеу, сондай-ақ екі мемлекеттің денсаулық сақтау министрліктері арасындағы бейінді құрылымдардың өзара іс-қимылы туралы келісімдер жасасу мүмкіндігін қоса алғанда, халықаралық кәсіби ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау.

Бейнематериал

Емхана жұмысымен танысу

Кездесу аясында шетелдік мамандар алғашқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыру жүйесімен, мекеменің құрылымымен, емхананың негізгі қызмет бағыттарымен және халыққа медициналық көмек көрсетудің заманауи тәсілдерімен танысты.

№3 қалалық емхананың директоры А.Б. Молдагасимова емхананың қызметі, ұйымдастырушылық құрылымы, негізгі жұмыс бағыттары, кадрлық және материалдық-техникалық әлеуеті, сондай-ақ медициналық көмекті ұйымдастыруда енгізіліп жатқан инновациялық тәсілдер туралы жан-жақты таныстырылым жасады.

Симуляциялық орталық және профилактикалық қолдау

Атап айтқанда, шетелдік қонақтарға медицина қызметкерлерінің практикалық даярлығын арттыруға, кәсіби дағдыларын жетілдіруге, шұғыл көмек көрсету алгоритмдерін пысықтауға және түрлі клиникалық жағдайларды модельдеу арқылы практикалық құзыреттерін дамытуға арналған Симуляциялық орталықтың қызметі таныстырылды.

Сонымен қатар қызметі балалар мен жасөспірімдер арасындағы психологиялық және эмоционалдық қиындықтарды ерте анықтауға, профилактикалық іс-шаралар жүргізуге, психологиялық қолдау көрсетуге, қауіп факторларын бағалауға және кәмелетке толмағандарға уақтылы пәнаралық сүйемелдеуді ұйымдастыруға бағытталған Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу орталығының жұмысы көрсетілді.

Кездесу қорытындысы

Кездесу медициналық тәжірибе алмасуға, халықаралық кәсіби байланыстарды нығайтуға және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылауға бағытталды.