№3 қалалық емхана · Жаңалықтар

БЦЖ вакцинасы және Манту сынамасы: ата-аналарға маңызды ақпарат

Балалар денсаулығын қорғау

Қазақстанның Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес БЦЖ вакцинасы жаңа туған нәрестелерге өмірінің алғашқы 1–4 күні енгізіледі.

Бұл вакцина туберкулезден толық қорғамаса да, кішкентай балаларды аурудың ауыр және өмірге қауіпті түрлерінен қорғайды. Олардың ішінде ең қауіптілері - туберкулездік менингит пен диссеминацияланған (жайылған) туберкулез. Бұл түрлері көбіне 5 жасқа дейінгі балаларда кездеседі.

Манту сынамасы не үшін қажет?

Манту сынамасы - екпе емес, диагностикалық тест. Ол ағзаның туберкулез микобактериясымен (Кох таяқшасымен) байланысы болған-болмағанын анықтауға көмектеседі.

Манту сынамасы:

  • 2 айдан асқан, перзентханада БЦЖ егілмеген балаларға
  • 6 жаста - БЦЖ вакцинасының қайта егілуі алдында жүргізіледі.
Егер нәтиже күмәнді немесе оң болса, вакцинация кейінге қалдырылып, бала фтизиатрдың кеңесіне жіберіледі.