
Сіздерді Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы «№3 Қалалық емханасының» ШЖҚ КМК ресми сайтында қарсы алғаныма қуаныштымын.
Бұл – емдеу мекемеміз бойынша ақпарат беретін, емханамызда көрсетілетін барлық медициналық қызметтер туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік беретін ақпараттық жолбасшы.
Емханамыздың барлық қызметкерлері пациенттеріміздің медициналық көмекті уақтылы әрі сапалы алуын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін жұмсауда.
Біздің басты міндетіміз – пациенттерімізге өмір бойы мықты денсаулықты сақтауға көмектесу.
Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау – жұмысымыздың басым бағыттарының бірі.
Бұл және басқа да көптеген мәселелер туралы толығырақ сайтымыз бен әлеуметтік желілеріміздің парақшаларынан біле аласыздар. Сіздерге Алматы қаласы №3 Қалалық емханасында медициналық көмек көрсетуге қатысты барлық мәселелер бойынша сайтымыз сенімді көмекші әрі дұрыс бағыт-бағдар беруші болады деп сенеміз.