Бүгінгі таңда «№3 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны Алматы қаласындағы ең ірі дәрігерлік-емханалық мекемелердің бірі болып табылады және Бостандық және Алмалы аудандарының ересектер мен балаларына қызмет көрсетеді. Емхананың жоспарлы қуаттылығы ауысымына 500 келушіні құрайды.
Кәсіби тәжірибесі мол, жұмысқа жауапкершілікпен қарайтын клиника мамандары тұрғындардың алдын алу, диагностика және емдеу жұмыстарын жүргізіп, әрбір науқасқа жеке көзқараспен қарайды.
Емханада көп жылдық тәжірибесі мен еңбек өтілі бар бірінші және жоғары біліктілік санатындағы дәрігерлер, медицина ғылымдарының кандидаттары жұмыс істейді. Емхананың негізгі мақсаты – халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің деңгейі мен сапасын жүйелі түрде арттыру.
